Ертең, сенбі күні Мәскеудегі “Патриот” полигонында “Армия ойындары-2017” халықаралық байқауының ашылу рәсімі өтеді.
2017 жылдың 29-шы шілдесі мен 12-ші тамызы аралығында әлемнің 5 елінде Армия халықаралық ойындары өтетін болады. Айта кету керек, биыл Халықаралық Армия ойындарының өрісі кеңейіп, Қытай, Беларусь және Азербайжан елдерінің полигондары да қосылды.
Аталған ойындардың аясында 28 халықаралық жарыс түрін өткізу жаспарға енгізілді, олардың ішінде – “Артиллериялық оқ ату шебері”, “Мерген шебі” және “БПЛА бойынша жарыс” байқаулары Қазақстан Республикасына қарасты полигондарда өтеді.
Биылғы жылдың ерекшелігі, жаңадан 5 жарыс түрі қосылған. Олар әскери полиция қызметкерлеріне жасалған “Тәртіп сақшысы”, әскери техниканың мүмкіндігін сынайтын “Әскери ралли”, ТМД елдерінің әскерилері қатысатын “Әскер ынтымақтастығы”, “БПЛА байқауы” және әскери автомобиль инспекциясы бойынша “Жол патрулі”. Жалпы Қазақстан жауынгерлері 18 байқау түрінде бақтарын сынайтын болады. Сонымен қатар, биылғы сарбаздардың құрамы 30% жаңарып отыр.
Өткен жылы Армия ойындарына 19 елдің өкілдері қатысса, биыл олардың саны 28 жеткен. Сонымен бірге 7 бақылаушы ел қосылды. Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет Армия халықаралық ойындары 2015 жылдың тамыз айында Ресейде өткізілген болатын.