Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы мен Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің қолдауымен 2023 жылғы 30 тамыз-1 қыркүйек аралығында Алматы қаласы туризм басқармасы өкілдерінің, Қазақстанның блогерлері мен туроператорларының Татарстанға инфотуры ұйымдастырылды.
Сапар аясында Қазан қаласының мэриясында ресми тұлғалармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, Қазан қаласының өзекті мәдени, туристік, гастрономиялық нысандары көрсетілді, ресейлік бизнес-қоғамдастықпен қазақстандық туроператорларға арналған B2B алаңы ұйымдастырылды.
Тараптар 2022 жылғы 12 желтоқсанда қол қойылған қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы мен Қазан мен Татарстанның рестораторлар мен қонақүйлер қауымдастығы арасындағы меморандум шеңберінде бірқатар жобаларды бірлесіп іске асыру, ақпарат алмасу және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.