Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі барша қазақстандықтар мен ресейліктерді Жеңіс күнімен құттықтайды!
Бұл жеңіс тек біздің елдеріміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін айрықша маңызға ие. Өйткені, әлем фашизм тұсауынан азат етілді.
Негізгі ауыр салмақ бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының иығына түсті. Қазақстан жауға қарсы жеңісте ерекше үлес қосты.
Соғыс майданына 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық шақырылып, әскери іс-қимылдарға тұрғындардың 20 пайызы атсалысты. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, 7 бригада мен 50 полк құрылды. Миллиондаған қазақстандық күн демей, түн демей тылда еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты.
Біз ардагерлеріміз бен батырларымызды мақтан етеміз. Олардың ерлігі Отансүйгіштікке баулуда болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Мемлекетімізге бейбітшілік, еліміздің барша тұрғындарына денсаулық, бақыт пен толағай табыстар тілейміз!