Астана, Ақтөбе және Семей қалаларының әкімдіктерінен құралған қазақстандық делегация «қалаларды біріктіруші форумға» қатысты.
“Қалалық дипломатия қазіргі заманғы халықаралық қатынастарды дамытудың маңызды факторы” пленарлық сессиясында Қазан қаласының мэрі И. Метшин, Харбин мэрінің бірінші орынбасары Цзян Чуанхай, Оңтүстік Африка жергілікті билік қауымдастығының президентінің орынбасары, Африка ұлттық конгресінің мүшесі Хола Пакати, Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А.Даржанова және т. б. сөз сөйледі.
Талқылаудың негізгі тақырыптары муниципалитетаралық ынтымақтастық, қоғамдық кеңістіктер жобаларын бірлесіп іске асыру, мәдениеттер мен діндер диалогы, тарихи мұраны сақтау және т.б. болды.
Бір алаңда 14 елден 50-ден астам қаладан, соның ішінде Қазақстан, ҚХР, Камерун, Түркия, Оңтүстік Африка және т.б. елдерден 150-ге жуық жергілікті билік өкілдері үздік тәжірибелермен алмасу үшін жиналды.