2022 19-21 мамырда мемлекеттік органдардың, Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация “Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2022” XIII Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына және Еділ Болгариясының исламды қабылдануының 1100 жылдығына арналған мерекелеуге қатысты.
Саммиттің құрметті қонақтары ретінде Ресей Федерациясының Экономика даму министрі Максим Решетников, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, Түркіменстан Халк Маслахаты Мелли Генгеш төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Бахрейн Корольдігінің Ислам мәселелері жөніндегі Жоғары Кеңесінің Төрағасы Шейх Абдулрахман Мохамед Рашед Альхалифа, Ресей Федерациясы Сауда-Өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин, Ресей Федерациясының ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Рамазан Абдулатипов және т.б. болды.
Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов іс шараның ашылу салтанатын өткізіп, “KazanSummit” – Ресей Федерациясы өңірлері мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің экономикалық өзара іс-қимылының басты және еліміздегі жалғыз алаңы. Саммит жаңа байланыстар орнатуға және еліміздің экономикалық мүмкіндіктері мен инвестициялық әлеуетін таныстыруға арналған Табысты бизнес-платформа ретінде өзін танытты”.