Мемлекет басшысы “Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа Мәскеу қаласында 2017 жылғы 11 сәуірде қол қойылды.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылады. Бұл шарт жаңа Кеден кодексін жасауды талап етіп отыр. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі халықаралық стандарттарға әрі кедендік әкімшілендірудің озық тәжірибесіне негізделген және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің әрқайсысының құқық қолдану тәжірибесінің ерекшеліктері ескеріле отырып жасалды. Құжатта кедендік операцияларды автоматтандыру, кедендік әкімшілендіруді жеңілдетуге негізделген бизнес үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың неғұрлым ыңғайлы алгоритмін енгізу, экспорт-импорт операциялары кезінде “бір терезе” тетіктерін құру мен енгізу сияқты мүлдем жаңа тәсілдер қамтылған.
ЕАЭО Кеден кодексінің негізгі жаңалықтарының қатарында кедендік реттеуге қатысты мүлдем жаңа тәсілді атауға болады, ол – кедендегі бизнес процестерді автоматтандыру тәсілі.