Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы мен «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестиция бойынша Ұлттық агенттігі» Акционерлік қоғамы және Башқұртстан Республиканың Сауда-Өндіріс палатасымен бірлесе отырып, қазақстандық делегацияның Уфа қаласына сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырды.
Іс-шара Sheraton Hotel мейманханасында құрылыс материалдары, машина жасау және азық-түлік, денсаулық сақтау ұйымдарына арналған құралдарды дайындаушылардан тұратын кәсіпкерлер, жеке алғанда, «Концерн Bakarassov», «IT&M», «Smart Pay», «ARBA WINE», «Актюбрентген», «Аралтұз», «Мехлитком», «Цинказ», «Уральский трансформаторный завод», «Алматинский продукт», «Стекло-Сервис», «Фирма Арасан», «Бралина Ш.Д.», «Caspian beverage holding» өкілдері қатысты.
Миссия жұмысына Башқұртстан Республикасы Сауда-Өндіріс Палатасының Вице-Президенті Павел Бармин, Башқұртстан Республикасының Экономикалық даму Министрінің орынбасары Гульнара Шафикова, сондай-ақ башқұртстандық бизнес өкілдері қатысты.
Қазақстандық бірнеше компания өздерінің қызметтері мен мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады. Іс-шараның пленарлық отырысы аяқталған соң, бизнес өкілдерінің кездесуі В2В форматындағы келіссөздермен жалғасты.