Қазақстан мен Ресей арасындағы қосымша бағыттардың пайда болуы билеттер құнының біршама арзандауына ықпал етеді деп хабарлайды инвестиция және даму бойынша Министрліктің баспасөз қызметі.
“2017 жылы Air Astana компаниясы рейстердің санын арттыруды көздеп отыр. Алматы – Қазан және Астана – Омбы бағыттары бойынша. 2018 жылдан баста жаңа Астана – Төмен бағытында қатынайтын жаңа рейс іске қосылады. Сонымен қатар SCAT компаниясы да жаңа бағыттардың пайда болатынын хабарлайды. Олар Астана – Томск, Кемерово, Челябинск, ал Ақтаудан- Белгород қалалары болады”, – деп хабарлайды ҚР ИДМ.
Осы аталған министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Ресей 2016 жылы 1270923 жолаушы тасымалдаса, 2017 жылдың жарты жылдығында 665 291 адам қатынаған. Жоспар бойынша биыл бұл көрсеткішті 17% арттыру көзделіп отыр.
Air Astana және SCAT компаниялары Ресейге Қазақстанның 12 қаласынан тұрақты рейс жасауда.
ЕАЭС мемлекеттері арасында жасалған ортақ жолаушы тасымалы жол картасының аясында 2025 жылы аталған компаниялар арасында рейстердің жиелігі мен жолаушылар санына қойлатын шектеулер жойылатын болады.