Ақмола облысында “Әлеуметтік серіктестік – кәсіби білімн дамуының иновациялық механизмі” халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды
Ақмола облысының Білім басқармасының басшысы Жунусов Талғат осы іс-шара сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет салаларында Ақмола облысы мен Курган облысының арасындағы қарым-қатынасында өз жалғасын тапты. Челябинск қаласында осы жылдың 8-ші қарашасында өткен Ресей және Қазақстанның Халықаралық серіктестік Форумында бұл құжатқа Ақмола облысының әкімі Мурзалин Мәлік және Курган облысының губернаторы Кокорин Алексей қол қойды.
Кәсіптік білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер – құрылымдық және сапалық өзгерістердің бастауы, оның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды қамтамасыз ету, аймақ экономикасын білікті мамандармен толтыру және жұмыс берушілердің кадрларды дайындау сапасына деген қанағаттануын арттыру ” – деп Талғат Тұрлыбекұлы атап өтті.
Меморандум Ақмола облысы Чаглинка а., Агробизнес колледжі және Свердловск облысының Каменск-Уральск агроөндіріс кешені мен Курган облысының Шадринск политехникалық колледжі арасында жасалды.
“Бүгін біз әріптестермен білім беру технологияларын инновациялау және қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен қашықтықтан оқу мүмкіндіктерін құрастыру және пайдалану салаларындағы бірлескен жобаларында қатысуға келістік. Кілісімшарт негізінде оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және тәлімгерлер мен білім беру мекемелерінің педогогтарының шығармашылық мүмкіндігін дамыту үшін оқытушылар немесе кеңесшілер ретінде неғұрылым білікті мамандарды жұмылдыру.
Конференция колледждің іргетасының қалануына 50-жыл мерейтойының аясында Зеренді ауданы Чаглинка а., Агробизнес колледжінде өтті. Жарты ғасырда біздің Республикамыз үшін аграр секторының 12 мыңнан астам мамандары даярлаған колледждің тарихы бай екендігін де атап айта кету керек.
Сонымен қатар, жұмыспен қамтылу, қосарлы білім беру сияқты тақырыптарды талқылағын конференция барысында бір диалогтық аймақта әлеуметтік серіктестер, барлық аудан колледждері кездесті. Экономикалық модернизация аясында кәсіптік білім беру және техникалық қызмет мазмұны мен ынтымақтастығының формаларының жаңартылуы туралы тілге тиек етілді.