3 маусымда Қазақстан Респбликасының Қазан қаласындағы Бас
консулдығы қазақстандық студенттермен бірлесе отырып, Татарстан
халқының достығы үйінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздері күнін атап өтті. Іс-шараны атап өту Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын көтерумен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әнұранын орындаумен басталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу,
патриоттық сезімді күшейту мен мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау
тәртібін қалыптастыру мақсатында қазақстандық студенттерге Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы арнайы бейне-сюжет
көрсетілді.
Қазақстандық жастар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап,
мемлекеттік тілде патриоттық әндер орындаумен, халық билерін билеп,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері тақырыбы бойынша
сұрақ-жауап өткізді. Іс-шара нәтижесі бойынша тәтті шай ұйымдастырылды.