2022 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазан федералды университетінің ректоры Ленар Сафинмен кездесті.
Тараптар ғылым мен білім саласындағы елдер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту және дамыту, сондай-ақ ҚФУ мен Қазақстанның Бас консулдығы арасында қалыптасқан ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Биыл атап өтілетін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы елдер арасындағы екіжақты қатынастар тарихында жаңа бет ашады.
Соңында қазақстандық дипломат ректорды тағайындалуымен құттықтап, екі халықтың өркендеуі үшін кәсіби табыс тіледі.