Қазақстан Республикасының
Қазан қаласындағы
Бас консулдығы
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
  • Елші
    • Бейнетоптама
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
  • Бас консулдық
    • Жалпы ақпарат
  • Екіжақты ынтымақтастық
    • Жалпы ақпарат
    • Басты және жоғары деңгейдегі екіжақты байланыс
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
  • Консулдық мәселелер
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Search in posts
Search in pages

Мәжіліске сайлау – 2021

Главная/Қазақстан және Башқұртстан: ынтымақтастық әлеуеті сарқылар емес
Қазақстан және Башқұртстан: ынтымақтастық әлеуеті сарқылар емес

Қазақстан және Башқұртстан: ынтымақтастық әлеуеті сарқылар емес

2020-11-16 18:00:41

Бүгін Уфаға жұмыс сапары барысында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті.

Тараптар ынтымақтастықтың алуан түрлі бағыттары бойынша көптеген мәселелерді талқылады. Қазақстан Башқұртстанның жетекші бес сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екендігі атап өтілді: жақында тауар айналымы жылына 350-500 миллион доллар аралығында өзгерді, бірақ әлеуеті әлі сарқылған жоқ және оны арттырудың жақсы мүмкіндіктері бар.

Осы тұрғыда кездесуге қатысушылар Қазақстанның Құрметті консулы Болат Асадуллиннің Уфада наурыз айында жұмысын бастағанын, сонымен қатар қазіргі уақытта Башқұртстан Республикасының Нұр-Сұлтандағы өкілдігін ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Радий Хабиров сонымен қатар Қазақстан Республикасының өкілдерін 2020 жылдың 8-11 желтоқсанында Уфа қаласында өтетін Халықаралық бизнес апталығына және 2021 жылы өтетін Фольклориадаға шақырды.

Башқұртстан аумағында қазақстандық капиталдың қатысуымен құрылған 37 кәсіпорын бар. Қазақстандық компаниялардың бірі Есілбай ауданындағы “Алға” арнайы экономикалық аймағында 1,4 млрд. рубль инвестиция құйып, полипропиленнен жасалған жіп пен полиэтилендік тор өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Кездесуге қатысқан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі Нұрлан Боранбаев Қазақстан үшін Уфа қаласын бүкіл аймақтық сауда-логистикалық хаб ретінде қарастыратынын атап өтіп, жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін кеңейту, бизнес-қауымдастық өкілдері арасындағы тікелей байланысты орнату және дамыту бойынша бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.

Башқұртстан – Ресейдің жетекші өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және мұнай өндіруші аймақтарының бірі, химия өнеркәсібі мен машина жасаудың орталығы. Осыған байланысты аталған бағыттар бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды. Атап айтқанда, ынтымақтастық мәселелері Елші Көшербаевтың Мұнай-химиялық өңдеу институтына сапары барысында талқыланды.

Мұнай-химия өңдеу институты 1956 жылы құрылды (1993 жылға дейін Башқұрт мұнай өңдеу ғылыми-зерттеу институты (Баш НИИНП)). Оның жұмыс бағыты мұнайды қайта өңдеу технологияларының барлық спектрін қамтиды: дайындаудан және алғашқы өңдеуден бастап, мұнайды терең өңдеуді қамтамасыз ететін екінші процестердің кешеніне дейін – іргелі зерттеулерден қондырғыларды салуға дейінгі бүкіл инновациялық цикл. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан басқа, институт 3D модельдеуді қолдана отырып өндірістік қондырғыларды егжей-тегжейлі жобалаумен айналысады. Институт Башқұртстанның жетекші университеттерімен байланыста мұнай өңдеу саласы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға да белсенді қатысады.

Башқұртстан Республикасы Ректорлар кеңесінің мүшелерімен кездесуде Ермек Көшербаев коронавирустық инфекцияның таралуының көктемгі кезеңінде қазақстандық студенттердің өз Отанына оралуын ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Бүгінде Башқұртстанның университеттерінде Қазақстаннан 1000-нан астам студенттер білім алуда. Ректорлармен кездесу аясында Елші Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетіне қарсы орнатылған башқұрт ақыны және ойшылы Мифтахетдин Акмулланың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Талғат Таджуддинмен келіссөздер барысында рухани білім беру және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері қозғалды.

Ермек Көшербаев Уфаға жұмыс сапарының соңында ұлы башқұрт ақыны Мұстай Кәрімнің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Өткен жылы оның 100 жылдық мерейтойы Башқұртстан мен Қазақстанда кеңінен аталып өтіп, Алматыдағы көше оның есімімен аталды. Жазушының әдеби мұрасын насихаттауға арналған бірқатар бірлескен іс-шаралар рухани байланыстарды дамытуға зор үлес қосып, бауырлас халықтардың ғасырлар бойғы достығының тағы да бір белгісі болды.

2021-01-15 18:00:00
Финляндия Елшісі Қазақстан Елшілігіне сыпайылық сапарымен келді
2021-01-15 17:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
2020-12-22 17:00:00
Астрахань облысының губернаторы Қазақстанды негізгі шетелдік серіктестердің бірі деп атады
2020-12-22 16:00:00
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасары тағайындалды
2020-12-21 17:00:00
ҚР Премьер-Министрі А.Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М.Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
2020-12-12 12:00:20
Астраханда Қазақстан аймақтарымен ынтымақтастықты жандандыру туралы айтылды
Больше новостей

Мемлекеттік органдар
akorda.kz
ҚР Президентінің ресми сайты
mfa.gov.kz
ҚР СIM ресми сайты
government.kz
ҚР Үкіметінің ресми сайты
kazembassy.ru
ҚР Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты
  • Елші
  • Бас консулдық
  • Екіжақты ынтымақтастық
  • Консулдық мәселелер
  • Байланыстар
8 843 202-05-92 kazan@mfa.kz
Қазан, 2015 қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы