8 мамырда “Еуразия-Қазақстан” Свердловск өңірлік қоғамдық ұйымының өкілдері Аманжулова Галия мен Айтбаева Еркеш Екатеринбург қаласында 10 жылдай тұрып жатқан Қазақстан азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Еременко Мария Петровнамен кездесіп, Жеңіс күнімен құттықтады.
Мария Петровнамен танысу 2021 жылы қоғамдық ұйым Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп құжаттарды ресімдеуде көмек көрсету кезінде өтті.
Соғыс жылдары Мария Петровна Қазақ КСР Балқаш қаласында пошта қызметіне жұмысқа орналасты. Соғыс жылдарындағы тылдағы жұмысы үшін Қазақстан Республикасында Мария Петровна Еременко Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60, 65, 70 жыл естелік медальдарымен және “ұзақ жылғы адал еңбегі үшін” медалімен марапатталды.
Мария Петровнаның еңбек қызметі 40 жылдан астам педагогикалық жұмысымен байланысты.