2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Ресеймен өзара саудасы $13,6 млрд. құрап, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлайды.
2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,73%-ға азайды.
Соның ішінде экспорт – $3,9 млрд. (1%-ға азайды), импорт – $9,7 млрд. (0,4%-ға азайды).
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 19,4% келеді.