2019 жылғы қаңтар-қарашасында Қазақстан Республикасының Ресеймен өзара саудасы $17,2 млрд. құрап, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлайды.
2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 3%-ға артты.
Соның ішінде экспорт – $5 млрд. (2,3%-ға өсті), импорт – $12,2 млрд. (3,1%-ға өсті).
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 19,9% келеді.