Санкт-Петербургтағы лаңкестік әрекеттен қаза болған Максимның анасы Ирина Арышева осы оқиғаға баласының қатысы барына және де жалған ақпар берген бірнеше ресейлік БАҚ өкілдеріне қарсы сотқа шағымданбайтынын мәлімдеді.
Иринаның айтуынша, ресейлік БАҚ өкілдерінің айы оңынан туып отыр. Себебі ол бұл ақпаратты кеш естіген. Егер де растайтын ақпарат болмағанда, мәселе басқаша болар еді. Сол мезетте, ол “Ирина, біз бұған сенбейміз!” деген миллионға жуық азаматтан хабарлама алып үлгерген.
“Мен қандай да бір өз тарапымнан әрекет етпеймін, сол ақпаратты жария еткен басылымдардың ар-ұятында қалсын”, – деді ол.
Сондай-ақ, Ирина Санкт-Петербург Мемлекеттік экономикалық университетінің басшылығымен кездескенін айтты.
“Білім ордасының басшылығы мен белсенді топ өкілдері баламның қалай оқығанын айтып, қолдарынан келер көмегін ұсынды. Әрине, кездескеніме қуаныштымын. Алайда кездесуіміз осылай болады деп кім ойлаған? Максим үш жыл оқу барысында өзін тек жақсы жағынан таныта білді. Мен ЖОО басшылығына ризашылығымды білдіремін”, – деді Ирина Арышева.
Мұнымен қатар, Максимның анасы бірден көмек қолын созған Қазақстан Республикасының Елшілігіне және Санкт-Петербургтағы Бас консулдыққа алғысы шексіз екенін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда ҚР-дың РФ-дағы Елшілгімен Санкт-Петербургтағы Бас консулдығы бірлесіп, Максим Арышевтың мәйітін елге жеткізу бойынша ұйымдастыру шараларын жүргізуде.