Татарстан халқы Ассамблеясы Бас консулдықтың көмегімен Қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Тәуелсіздік дәуірі” кітабын таныстырды.
Кітап шараға арнайы шақырылған ғылыми, іскерлік және дипломатиялық ортаның айтарлықтай қызығушылығын тудырды.
Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Еркін Тұқымов атап өткендей, “Тәуелсіздік дәуірі” кітабы – дербес Қазақстанның іргесінің қалануының, жас мемлекет кездестірген сәттіліктер мен мәселелердің тарихы. “Кітап өткенді және бүгінді ғана баяндап қоймай, болашаққа ұмтылу, қиындықтарға қарамастан, өршіл мақсаттарды алға қойып, тек алға жылжуды қалай іске асыру керектігін танытады”, – деді ол.
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Казандағы өкілдігінің басшысы Радик Вахитов Қазақстан халықаралық аренада лайықты мәртебеге қол жеткізгенін, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы тату көршілік қарым-қатынас туралы айтты. “Қазақстанға Ресей секілді жаңа саяси жүйені құруға, нарықтық экономиканың тетіктерін қалыптастырып, құқықтық мемлекеттің негізін қалауға және, халықаралық аренада өзінің лайықты танылуына қол жеткізуге тура келді. Бүгінде Қазақстан ТМД кеңістігіндегі ең дамыған елдердің біріне айналды. Мен, әсіресе, Еуразиялық интеграция туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын, сонымен қатар біздің елдеріміздің арасындағы жайлы қарым-қатынастың барын ерекше атап өткім келеді”, – деді дипломат.
Татарстан халқы Достық үйінің директоры, Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің депутаты Ирек Шәріпов өз кезегінде қазақстандық көшбасшының “Тәуелсіздік дәуірі” кітабы – сөзсіз халықаралық келісімді сақтау бойынша Тәуелсіз Қазақстанның баға жетпес тәжірибесі кеңінен қамтылған қызықты туынды екенін жеткізді. “Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы секілді өзінің көпұлтылығымен, ауқымды территориясымен, жоспары әртүрлі экономикалық қалпымен ерекшеленеді. Осы екі мемлекет Кеңес Одағынан кейін өзінің әлеуетін сақтап қалды. Татарстан рухани тұрғыда және әлемге деген көзқарасы тарапынан қазақтарға, Қазақстан халқына өте жақын. Оларды тек экономикалық және мәдени байланыстар ғана емес, екі республиканың көшбасшыларының жеке қарым-қатынасы да байланыстырады. Нұрсұлтан Назарбаев – Минтемир Минтемира Шарипович Шаймиевтың досы. Бүгінгі таңда Рустам Нургалиевич Миннихановтың да Нұрсұлтан Әбішұлымен қарым-қатынасы үлгілі”, – деді И.Шарипов.
Сонымен қатар, ол “Тәуелсіздік дәуірі” кітабы сөзсіз міндетті түрде оқылуы тиіс еңбек екенін атап өтті. “Біз ауқымды территориядағы, көпұлтты мемлекеттіліктің құрылуын көріп отырмыз. Өзіндік дербестікке құқық қалай жүзеге асып, егемен мемлекеттің дамуын бақылаудамыз. Үйнерелік тұсымыз мол”, – деді ол.
Ұлтаралық диалогты сақтау мен Қазақстан халқы Ассамблясын құру бойынша бірегей қазақстандық тәжірибесін Татарстан Республикасындағы қазақтардың ғылыми-мәдени автономиясының төрағасы Сағит Жақсыбеков те ерекше атап өтті. “Қазақстанның жалпы саясатындағы көпұлттылық пен Қазақстан халқы Ассамблеясын құрумен байланысты элемент туралы айтсам деймін. Бұл Қазақстанның саяси көшбасшылығының бірегей нәтижесі. Айналып келгенде бюрократия көпұлттылыққа қатысты күрделі мәселелерді жиі шеше бермейді. Бүгінгі таңда ҚХА жұмысының тәжірибесі көптеген мемлекеттер үшін пайдалы әрі тартымды болып отыр”, – деді ол.
Өз кезегінде Қазан (Привольже) Федералды университетінің сыртқы байланыстар бойынша проректоры Линар Латыпов Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асырылған еуразиялық интеграцияның моделін үлгі ете келе, қазақстандық көшбасшының еңбегін ақыл кітабы деп атады. “Қазақстан өзіндік үлгісі арқылы Еуразиялық модель өте жемісті екенін көрсетті. Ол ұлттық колорит пен басқарудың әмбебап моделін таңдайды. “Тәуелсіздік дәуірі” – бұл ақылдың кітабы”, – деді Л.Латыпов.
Татарстан Республикасының Ғылым академиясы татар энциклопедиясы мен аймақтану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Искандер Гилязов Қазақстан мен сондағы халықтың тарихқа деген көзқарасы екенін айтты. “Өткеннен сабақ алу үшін тарихты оқу керек. Нұрсұлтан Әбішұлы шынында да, тарихқа осы көзқараспен қарайды. Маған қазіргі Қазақстанның көпжоспарлы көзқарасы қатты ұнады. Ол кітапты бірнеше бөлікке бөліп, негізгі мәселелерді ерекше атап өтеді. Аталған кітапты оқу бағдарламасына енгізу туралы қазақстандық саясаткерлердің пайымын толығымен қолдаймын”, – деді Гилязов.