Бұл мереке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы қаулысымен белгіленген. 10 тамыз Абайдың туған күні. Бүгін ол 177 жасқа толды.
Дәстүр бойынша бұл күні Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары Мәскеудегі Чистье Пруды бульварындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ескерткіш 2006 жылы екі ел президенттерінің қатысуымен ашылған.