2018 жылы 30 маусымда Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бастаған делегация Татарстан Республикасына келді.Сапар барысында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесуі өтті.
Мемлекет басшысының Нұрсұлтан Назарбаевтың Татарстан Республикасына жасаған соңғы сапары кезінде 2018 жылдың 14-15 маусымында тапсырмаларын орындау аясында, кездесу барысында ауыл шаруашылығы, машина өндірісі, мұнай-химия салаларындағы мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары қарастырылды.
Делегация сондай-ақ инновациялық медициналық робот- симуляторларының өндірісімен айналысатын «Эйдос-Медицина» технопаркінде болды.
Татарстан Республикасы Инвестицияларды дамыту агенттігі Татарстан Республикасы мен Батыс Қазақстан облысының іскер топтарының өкілдерімен B2B кездесулерін өткізді, тәжірибе алмасылып, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Кездесудің қорытындысы бойынша сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде аймақтық мәселелерге бірлескен шешімдерді әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.