Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен, Халықаралық қолөнер бұйымдары «Казанская ЧАША» жәрмеңке- көрмесінде 2018 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасының атынан Орал қаласындағы «Мария ханым» Сән үйі қатысты.
Бағдарлама барысында Қазақстан делегациясы «Көрісу» салт-дәстүрімен таныстырып, келген қанақтарға ұлттық тағамдар мен тәттілерді таратты, сонымен қатар, қазақ ұлттық киімдерінің дефилесі тамашаланды.
Көрме қонақтарына кәдесый өнімдерінің коллекциясы және қолөнер бұймдары ұсынылды.