Қымбатты достар!
Бас консулдықтың блогына Қош келдіңіздер!
Осы блог Сіздер үшін Қазақстан мен Ресейдің арасындағы ынтымақтастық бойынша, еліміздің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы атқаратын қызметі жайлы, сондай-ақ менің екі елдің қарым-қатынастарының болашақ дамуына жеке көзқарасым туралы пайдалы ақпарат көзі болады деген үміттемін.
Маған қоятын сұрағыңыз немесе Бас консулдықтың қызметіне қатысты ұсыныстарыңыз болған жағдайда, оларды осы блог арқылы толығымен жазып жіберуіңізді сұраймын.
Сіздерден түсіп жатқан маңызды сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз үшін алдын-ала ризашылығымды білдіремін.
Құрметпен,
Еркін Тұқымов