ҚР Мәдениет және спорт Министрі Дәурен Абаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.
«Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2022» XIII халықаралық экономикалық саммиті аясындағы форумдарда және мерекелік іс-шараларда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық делегацияны Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев басқарады.
Сапар аясында министр Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.
Әңгіме барысында тараптар туризм, мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/375372?lang=kk