2020 жылдың 20 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Е.Көшербаев жұмыс бабымен Ресей Федерациясындағы бірнеше елдердің Елшілерімен кездесті. Атап өтсек, Словенияның Елшісі Б.Раковц, Люксембургтің Елшісі Дж.Фабермен, Черногорияның М.Шепановичпен, Босния мен Герцеговинаның Дж. Самарджия, КХДР Шин Хон Чолом және сондай-ақ Ауғанстанның Ресей Федерациясындағы уақытша сенімді өкілі де Қазақстан Елшілігіне сыпайылық сапарымен келді.
Кездесулер барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.