Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі алғаш
рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен өткізілді.
2003 жылғы 13 ақпанда беделді діни лидерлер мен олардың христиан,
ислам, иудаизм және өзге де діни сенім өкілдері қатысқан діндер,
мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыруда маңызды рөл атқарған
Бейбітшілік және келісім халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде
Елбасы Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін
өткізуге бастама жасады.
Съез өткізу идеясын алғашқылардың бірі болып Елбасының Ватиканға
сапары барысында католик шіркеуінің өкілдері қолдады.
Съез атына АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Сауд Арабиясы, Египет,
Польша, Германия және ірі халықаралық ұйымдардың басшылары өз
құттықтауларын жолдағандығы Қазақстанның жаңа бастамаларына деген
сенімі мен жетістіктерін әлем мойындағандығын көрсетеді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің миссиясы:
Әлемдік және дәстүрлі діндер пішіндерінде жалпы адамзаттық
бағдарларды іздеу.
Діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау
үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институттың
жұмыс істеуі.
Съездің негізгі басымдықтары:
Адам өмірінің мызғымас қағидаттары ретінде бейбітшілікті, келісімді
және төзімділікті бекіту.
Діндер, конфессиялар, ұлттар мен ұлыстар арасында өзара құрмет пен
төзімділікке қол жеткізу.
Адамдардың діни сезімдерін қақтығыстарды ушықтыру мен әскери іс-
әрекеттер үшін пайдалануға жол бермеу.
Съез міндеттері:
Болашақ дінаралық саммиттердің идеологиясы мен тұжырымдамасын
үйлестірілген, объективті және сауатты дайындау үшін Әлемдік және дәстүрлі
діндер лидерлері съезінің тұрақты органын құру.
Діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты дамытуға
бағытталған барлық халықаралық ұйымдармен, орталықтармен және
құрылымдармен ынтымақтастық пен өзара іс –қимыл орнату.
Зайырлы және діни БАҚ, жастар бірлестіктері, ғылыми және
шығармашылық интеллигенция өкілдерін тарта отырып, әр түрлі мәдениет
пен дін өкілдері арасындағы диалогты кеңейту.
Өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық диалогты
ілгерілету.
Діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты
тереңдету және нығайту.
Жек көрушілік пен экстремизм идеологиясына қарсы әрекет ретінде
төзімділік пен өзара сыйластық мәдениетін дамыту.
Діндер мен рухани дәстүрлердің қарама -қайшылығында көрсетілген,
теологиялық дауларды одан әрі саясаттандыру, бір діннің екінші дін алдында
беделін түсіру арқылы көрініс табатын «Өркениеттер қақтығысы» туралы
тезистердің басым болуына жол бермеу.
Съездің хронологиясы:
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І съезі. 2003 жылы 23-24
қыркүйекте Астана қаласында өтті. Дінаралық саммитке Еуропаның, Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың 13 елінен рухани иерархтар мен құрметті қонақтар қатысты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі. 2006 жылдың 12-
13 қыркүйегінде өткізілді. Конгресс жұмысы жаңа, арнайы салынған ғимаратта – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Дінаралық саммитке Еуропа, Америка, Азия және Африканың 20 елінен, әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері мен құрметті қонақтардан 29 делегация қатысты.
Съездің негізгі тақырыбы – «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің III съезі. 2009 жылдың 1-2
шілдесінде өткізілді. Съезге әлемнің барлық негізгі діндерінің өкілі ретінде
әлемнің 35 елінен 77 делегация қатысты. Съездің негізгі тақырыбы: «Толеранттылық, өзара құрмет және ынтымақтастыққа негізделген әлемді қалыптастырудағы діни лидерлердің рөлі».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі. 2012 жылдың 30-
31 мамырында өткізілді. Съезге әлемнің 40 елінен барлық әлемдік және
дәстүрлі діндерді, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың
өкілдері ретінде 85 делегация қатысты. Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы ретінде».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі.
2015 жылдың 10-11 маусымында өткізілді. Съезге әлемнің 42 елінен
барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни
көшбасшылардың, саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың 80-нен астам
делегациясы қатысты. Съездің негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог».
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі. 2018 жылдың 10-
11 қазанында өткізілді. Съез жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі
діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері,
әлемнің 43 елінен 82-ден астам делегация қатысты. Съездің басты тақырыбы – «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».