2020 жылғы 31 қазанда Мәскеуде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусиннің “Роскосмос” ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Д.Рогозинмен кездесуі өтті.
Тараптар ғарыш саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамытуды талқылады. Сонымен қатар, тараптар “Бәйтерек” (“Назарбаев старты”) және “Гагарин старты” жобалары бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы “Байқоңыр” ғарыш айлағында “Бәйтерек” ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.