ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Мәскеу қаласының халықаралық әскери орталығында өткен “дөңгелек үстел” форматында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы Әскери-техникалық комитеттің отырысына қатысты.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарының арнайы оқу-жаттығуы мен “Шығыс-2018” маневрлерінің ерекшеліктері мен қорытындысы туралы айтып берді, сондай-ақ заманауи кезеңде зымыран әскерлері мен артиллерияны және әскери автомобильді техниканың автоматтандырылған кіші жүйесін дамыту мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Тараптар ТМД шеңберінде әскери-техникалық ынтымақтастыққа, қорғаныс ведомстволары арасында орнатылған байланысқа жоғары баға берді және одан әрі кеңейту және нығайтуға ниеттерін білдірді.