Мәскеуде XI “Еуразиялық экономикалық комиссия” халықаралық конференциясы өтіп жатыр.
Шара мақсаты – Еуразиялық даму банкінің инвестициялық саясатының жаңа әдіс-тәсілдері мен ЕАЭО-тың әрі қарай дамуының конструктивті ұсыныстарын қалыптастыру үшін еуразиялық экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылау.
Конференция еуразиялық ықпалдастықты дамыту жолдарын табуға, экономика, ЕАЭО елдеріндегі экономикалық реформалары, үдерістер, Еуразиядағы халықаралық институттардың келешегі мен мәселелері салаларындағы ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын талқылауға арналған.
Қазақстандық делегацияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова жетекшілік етеді. Өз сөзінде ол “100 қадам” Ұлт жоспары аясындағы шаралар туралы айтып, құрылымдық реформаларды жүргізіп, жүйелі макроэкономикалық басқару нәтижесінде Қазақстан экономикалық жағдайды тұрақтандырып, экономика дамуының тұрақты қарқынын қамтамасыз ете алғандығын айтты.
Қазіргі таңда көрсеткіштердің көбісінде Қазақстан Республикасы тек Орталық Азия аймағында ғана емес, сонымен қатар ТМД елдері арасында да көш бастаушы елдердің бірі. Қазақстан тәжірибесі әлемде түрлі салаларда сұранысқа ие.
Бүгінде Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексіне сәйкес, Қазақстан аудит пен есептіліктің халықаралық стандарттарын қолдану дәрежесі бойынша ТМД елдерінің арасында көшбасшылардың қатарында және әлемнің 138 елінен 88-орында. Қазақстан Республикасы посткеңестік кеңістікте алғашқы болып қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарын енгізген – алдымен нақты секторда, кейіннен экономиканың мемлекеттік секторына енгізген.
Doing Business тізімінде Қазақстан салық төлеудің оңайлығы бойынша 18-орында.
Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнама жетілдірілген, соған сәйкес барлық рәсімдер электронды форматта жүзеге асырылады.
Конференция барысында, сондай-ақ энергетика жобаларының интеграциялық әлеуеті мәселелеріне, еуразиялық аймақтағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру үлгілеріне, ЕАЭО пен Жібек жолының экономикалық аймағы қызығушылықтарының түйіндесуіне баса назар аударылды.
Айта кету керек, конференцияға шамамен 300 қонақ қатысуда, соның ішінде көпжақты және ұлттық даму институттарының басшылары, банкке қатысушы мемлекеттердің билік органдарының өкілдері, коммерциялық банктердің, кәсіпкерлік, ғылыми және сарапшылар бірлестіктерінің өкілдері бар.