Қазақстан Республикасының
Қазан қаласындағы
Бас консулдығы
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Онлайн бронирование
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Русский
Қазақ тілі
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
    • Бейнетоптама
    • Жаңалықтар
    • Президент
    • Жалпы ақпарат
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Консулдық бөлім мекен-жайы
Қазан қ. Карл Маркс, 8/13
Азаматтарды қабылдау кестесі
ДC,СБ,СБ,Жұма 9: 30-12: 30
Онлайн брондау
Русский
Қазақ тілі
  • Елші
    • Өмірбаян
    • Фотогалерея
    • Бейнетоптама
    • Жаңалықтар
  • Бас консулдық
    • Президент
    • Жалпы ақпарат
  • Екіжақты қатынас
    • Жалпы ақпарат
    • Экономикалық ынтымақтастық
    • Мәдени-әлеуметтік ынтымақтастық
    • Инвесторлар мен серіктестерге арналған ақпарат
    • Шарттық дерекқор
  • Консулдық мәселелер
    • Қазақстанға виза алу
    • Азаматтық
    • Ресейге кіру және мекендеу ережесі
    • Құжаттама
    • РФ-дағы ҚР-ның азаматтарын консулдық есепке алу
    • Ресейге кіру тәртібі
    • Қазақстанның азаматтарына арналған ақпарат
    • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламенттері
  • Байланыстар
Generic selectors
Exact matches only
Search in title
Search in content
Post Type Selectors
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

2024-11-27 21:05:00

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын құрамда өткен келіссөз қорытындысына оң баға беріп, оның барысында екіжақты күн тәртібіне қатысты барлық өзекті мәселе талқыланғанын жеткізді.

– Өзара ынтымақтастық бойынша ортақ ұйғарымға келдік. Үкіметтерге тиісті тапсырмалар берілді. Алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Екі елдің қарым-қатынасы зор қарқынмен дамып келеді. Біздің міндетіміз – осы динамиканы бәсеңдетпей, елдеріміз арасындағы сауда-саттықтың табысты өркендеуіне, инвестициялық ынтымақтастықтың тереңдеуіне, сондай-ақ білім мен гуманитарлық салалардағы байланыстардың нығаюына қолайлы жағдай жасау, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық байланыстарының қазіргі жай-күйіне назар аударды. Президенттің айтуынша, өзара сауда-саттық үздіксіз дамуда, таяу уақытта екіжақты тауар айналымын 30 миллиард долларға дейін жеткізуге мол мүмкіндік бар. Инвестиция саласында да оң үрдіс байқалады.

– Бүгінде жалпы инвестиция көлемі 18,3 миллиард доллар болатын 93 бірлескен жоба жүзеге асты. Соның нәтижесінде Қазақстанда 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта шамамен құны 29,5 миллиард доллар болатын және 20 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 49 жобаны қолға алуды жоспарлап отырмыз, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы ықпалдастық барлық бағыт бойынша белсенді өрбіп келе жатқанын мәлімдеді.

– Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз және сенімді одақтасымыз. Шағын құрамдағы келіссөз барысында екіжақты байланыстар аясында туындайтын проблемаларға назар аудардық. Ең бастысы, барлық сауалдың жауабын табуға ортақ ұмтылыс бар. Мен екі ел арасында шешілмейтін түйткіл жоқ екенін жақсы білемін. Ал мұндай ниеттестік үлкен жетістіктерге ұласады. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан толайым табыстарға  қол жеткізді. Біз бұған қуаныштымыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың ауқымы артып келеді. Қазіргідей қиындықтарға қарамастан, ықпалдастығымыз кеңеюде әрі қос тарапқа да тиімді, – деді Ресей Президенті.

Келіссөз барысында сауда-экономика, көлік-логистика, отын-энергетика, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

2025-05-07 10:04:16
ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдыққа келушілердің назарына!
2025-04-30 11:00:00
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
2025-04-17 09:30:00
Қазанда қазақстандық студенттермен кездесу өтті
2025-03-08 08:00:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
2025-03-07 10:51:35
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
2025-03-04 11:00:00
Қазанда «Дала Еуразиясының ортағасырлық қалаларының археологиясы» халықаралық ғылыми конференция өтті
Больше новостей

Мемлекеттік органдар
akorda.kz
ҚР Президентінің ресми сайты
mfa.gov.kz
ҚР СIM ресми сайты
government.kz
ҚР Үкіметінің ресми сайты
kazembassy.ru
ҚР Мәскеудегі Елшілігінің ресми сайты
  • Елші
  • Бас консулдық
  • Екіжақты қатынас
  • Консулдық мәселелер
  • Байланыстар
8 843 202-05-92 kazan@mfa.kz
Қазан, 2015 қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы