2021 жылдың 15-17 қыркүйегі аралығында Қазан қаласында Татарстан Республикасының инвестициялық даму агенттігі ұйымдастырған TCI 2021 XXIV жаһандық конференциясы өтті.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде “Тұрақты даму. Аймақтардың күн тәртібі” тақырыбына Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы қатысты.
Сессияның қатысушылары мен спикерлері: Татарстан Республикасының Президенті-Рустам Минниханов, TCI Network және Cluster Excellence компаниясының президенті Дания – Мерет Даниэль Нильсен, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Сергей Глазьев болды.
TCI XXIV жаһандық конференциясына түрлі елдерден ондаған сарапшылар, Қала мэрлері, министрліктер мен ірі компаниялардың өкілдері қатысты, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Мексика, Түркия, Сингапур, Молдова қалаларының өкілдері конференцияға онлайн форматта қосылды.
Спикерлер цифрландыру, макроэкономика, инновация, кооперация салаларында пікір алмасты. Жасыл Технологиялар, Жаһандық сын-қатерлер мен жаңа трендтер талқыланды. Қазіргі әлемдегі қала құрылысы мен агломерацияның өзекті мәселелері қозғалды.