Қазандағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің ғимаратында Семей полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының, Ғылыми-өндірістік бірлестіктің, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
КНИТУ проректоры Альбина Шавалееваның пікірінше, полигонның жабылуы – ядролық қарусыздану мен оны таратпаудың жаһандық үдерістеріне қомақты үлес қосты. Қазақстан жаһандық атом қатерін жою үшін одан әрі батыл шаралар қабылдау қажеттігі жолында сенімді позицияда.
Университеттің өнеркәсіптік саясат және бизнес әкімшілендіру факультетінің деканы Андрей Тузиков презентация көрсетіп, Семей полигонын пайдалану кезеңінде 460-тан астам ядролық, термоядролық және сутегі қаруының жарылысы жасалғанын, өңірдің халық шаруашылығы кешеніне орасан зор залал келтірілгенін атап өтті. Ел басшылығының қауіпті қаруды қолданудан бас тарту және ядролық емес мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу ретіндегі орынды рөлі атап өтілді.
Қорытындылай келе, Бас консул Е.Ысқақов Қазақстан өзінің саяси жауапкершілігін көрсеткенін және әлі күнге дейін ядролық сынақтар жүргізіп жатқан елдер үшін үлгі болуға тиіс екенін атап өтті.