2017 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 10856,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 31,6%-ға артты, соның ішінде экспорт – 3297,1 млн. АҚШ доллары (36,5%-ға өсті), импорт – 7559,2 млн. АҚШ доллары (29,5%-ға өсті), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнің Статистика комитетi хабарлайды.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,2%, Қырғызстан Республикасына – 4,3%, Беларусь Республикасына – 3,5% келеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнің Статистика комитетi хабарлайды.