ҚР Премьер-Министрі ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңесі отырыстарына қатысу үшін Қазанға барып, Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті.
Екі тарап Президенттер Н. Назарбаев пен В. Путин былтыр Астанада өткен Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы аясында қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелерін талқылады.