Бүгін XXII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен “Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері” атты сессиясында алғы сөз айтқан Қазақстан Респібликасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов, екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің айқындап берген стратегиялық бағыты негізінде Еуразиялық одақтың көпжақты экономикалық серіктестіктері бойынша біршама жетістіктерге қол жеткізгенін ерекше атап өтті.
“Қос мемлекет бірін-бірі қолдай отыра, жақсы келісім шарттарға қол жеткізе алады. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде, бәсекелестікке төтеп бере алатын сапалы тауармен сыртқы нарыққа шығуға бар жағдай жасалып отыр. Қазіргі уақытта көптеген сыртқы экономикалық қысымдарға қарамастан, ішкі мүмкіндікті пайдалану арқылы, екіжақты серіктестіктің аясында үлкен жетістіктерге жетуге болады”, – деді Иманғали Тасмағамбетов.
Өз кезегінде сөз алған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, “Астана” қаржы орталығы Сингапур, Нью-Йорк, Лондон, Дубай сынды қаржы орталықтарының тәжірбиесін негізге ала отырып жұмыс жасайды. Халықаралық тәуелсіз сот жүйесі инвесторлардың құқығын қорғап, ақпараттың ашықтығын, әділ шешімдердің қабылдануын қамтемасыз етеді. Ағылшын құқығымен және тәуелсіз соттармен жұмыс істейтін “Астана” халықаралық қаржы орталығы ЭКСПО-2017 қалашығында орналасқан. Аталған орталықтың ағымдағы жылғы 5 шілдеде өтетін ресми тұсаукесеріне шақырамын”, – деді Асқар Мамин.
“Самұрық-Қазына” қоры құны 74 млрд АҚШ долл. құрайтын Қазақстанның жоғары сапалы активтерінің ең ірі портфеліне ие және олар экономиканың әртүрлі салаларын қамтиды. Жекешелендіру бағдарламасы біздің компанияларға тиімді капитал салуды жүзеге асырудың мүмкіндігін ұсынады. Биыл 50 активтің жекешелендірілуін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың арасында экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін ірі, орташа және шағын компаниялар да бар. Алдағы уақыттағы міндет – біздің компаниялардың тиімділігін арттыру, портфельді тиімді басқару және тұрақты дамуды қамтамасыз ету. Бұл басты мақсаттар Қорды дамытудың 2028 жылға дейінгі жаңа стратегиясының негізіне айналып отыр”, – деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Сондай-ақ жиында сөз алған “Астана” ХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов елдегі аса маңызды бағдарламалардың бірі – жекешелендіру Мемлекет басшысынның “100 нақты қадам” және 5 институционалдық реформаға сәйкес экономиканы әртараптандыру бағыты бойынша жүзеге асып отырғанын айтты. – Ауқымды бағдарламаның аясында алдағы 3-5 жылда IPO-ға кіретін “ҚазМұнайГаз”, “Қазақстан темiр жолы”, “Қазақтелеком”, “Қазатомпром” жекешелендіруге шығады. Бұлардың барлығы ІЖӨ-нің 40 пайызын құрайтындығын да айта кеткен жөн. Бұл қадам Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесінің жандануына және де инвесторлар тартуға мүмкіндік береді”, – деді Қ.Келімбетов.
Жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Ресей Федерациясының вице-премьері Юрий Трутнев, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, “Астана” ХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов және 150-ге жуық ресейлік және халықаралық инвестор қатысты.