Ресей аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша, 2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап өзара негізде Қазақстанға авиарейстер санын ұлғайту туралы шешім қабылданды. Атап айтар болсақ:
– Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша аптасына 3-тен 7 рейске дейін және Мәскеу – Алматы бағыттары бойынша аптасына 2-ден 7 рейске дейін;
– Мәскеу – Қарағанды, Мәскеу – Шымкент, Мәскеу – Ақтау, Мәскеу-Қостанай, Санкт – Петербург – Нұр-Cұлтан, Махачкала – Ақтау, Грозный – Ақтау, Калининград – Алматы, Калининград – Нұр-Сұлтан, Новосибирск – Нұр-Сұлтан, Омбы – Нұр-Сұлтан, Омбы – Павлодар, Омбы – Петропавл бағыттары бойынша аптасына 1 рейс;
Сондай-ақ, Ресейдің Испания, Ирак, Кения және Словакиямен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге тұрақты жолаушылар әуе қатынасын қайта бастаған барлық мемлекеттерден әуе рейстерімен келе алады.
Ресейге кіру тәртібі мен ережелері туралы толық ақпаратты мына сілтемеден қараңыз.