Уфа, 2024 ж. 13 желтоқсан – Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру, ТЖ, энергетика, ТКШ, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ішкі саясат басқармалары мен Өскемен қаласы әкімдігінің басшылары құрамындағы делегация Башқұртстан Республикасын басқару орталығында болды.
Сапардың мақсаты – 2024 жылғы қарашаның соңында республикаға ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаевтың бастамасы және тәжірибемен алмасу.
«Инцидент-менеджмент» ақпараттық жүйесіне және кері байланыс платформасына, өтініштердің мониторингі мен талдамасына және оларды одан әрі пысықтауға, сондай-ақ РБО-ға интеграцияланған ақпараттық панельдерге үлкен қызығушылық танытты. Атап айтқанда, жұмыс тобының назарын цифрландырылған алаңдары мен фотоесеп жүйесі бар «ТКО Башқұртстан» қоқыс шығару жөніндегі дашборд, «Паводок 2.0» және «Лесохранитель» автоматты гидромониторинг жүйелері және т.б. тартты.
Сондай-ақ, Қазақстанның Уфадағы Құрметті консулы Семен Пилюгиннің қолдауымен Башқұртстан Республикасының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығында кездесу және «Ультрадизайн» ЖШҚ (бұрынғы Кроношпан) кәсіпорнына бару ұйымдастырылды. ҚР-дағы Кроношпан тобының перспективалы кәсіпорнының қажеттіліктері үшін ШҚО орман қорының қолжетімділігі мәселелері талқыланды.