2017 жылғы 23 наурызда М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде көктем мерекесі – Наурыз мейрамы атап өтілді. Бұл іс-шараға университет қабырғасында білім алушы қазақстандық студенттер және «Ақ-бата» атты Қазақ Ұлттық-Мәдени Орталығының президенті М.Шумова қатысты.
Іс-шара барысында қазақстандық студенттер өз өнерлерін көрсетіп, еліміздің мәдениеті туралы ақпарат таратып, мейрам қонақтарына ұлттық тағамдар және тәттілерді ұсынды.