РФ Президенті Владимир Путин шекара маңындағы Қазақстан азаматтары Ресей арқылы кеден бекетіндегі бақылау пунктін өтпей-ақ қатынай алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.
Екі ел арасындағы келісім құжатқа өзгерістер енгізу бойынша келісім 2016 жылдың 4 қазанында бекітілген еді. Онда кәсіпорныдардың, ұйымдардың және теміржол компаниялардың қызметтерін реттейтін құқықтық негіздемелері көрсетілген еді.
Бұрынырақта аталған құжат Қазақстан тарапынан қолдауға ие болды.
Аталған құжат негізінде, Қазақстан арқылы өтетін ресейдің 33 поезді мен Ресей арқылы қатынайтын қазақстандық 4 поезд кеден бақылауынан өтпейді. Соның нәтижесінде, тек бір ғана бағыт бойынша 36 сағаттан 23 сағатқа дейін азаяды.
Бүгінгі күні Ресей аумағында 7 учаскі қазақстандықтардың бақылауында болса, Қазақстан аумағында 8 учаскі ресейліктердің қадағалау құзырында. Осы учаскеде 63 станция қызмет етуде.
Осы құжат өз күшіне енген соң Астана-Орал, Алматы-Орал бағытында 2 жаңа темір жол байланысы пайда болады.