Мәскеуде асыл тұқымды мал ісі және мал шаруашылығы өндірісіне арналған технологиялар көрмесі ашылды, деп хабарлайды “Хабар 24”.
“Агрофарм-2019” көрмесіне 30 елден 400 компания қатысып жатыр. Экспозицияда генетика мен мал дәрігерлерінің жетістіктері және мал фермаларына арналған инновациялық автоматтандырылған құрал-жабдықтар қойылған. Қазақстандық кәсіпорындар да көрмеде өз өнімдерін ұсынды. Солардың бірі – ветеринарлық компания.
Дмитрий Ластовец, көрмеге қатысушы:
– Осы құрал-жабдықтарға Қазақстанда 12 патент алдық. Бұларды мал шаруашылығын дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарламаның аясында жасадық. Ресей нарығына шыққанымызға екі жыл болды. Қазір Челябі, Түмен, Омбы облыстары мен Алтай өлкесінде жұмыс істеп жатырмыз.