Мемлекет басшысы “Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Конвенцияға 2018 жылғы 12 тамызда Ақтау қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан Президенттері қол қойған болатын.
Конвенция – Каспий теңізінің Конституциясы іспетті. Ол теңіз маңы елдерінің құқықтары мен міндеттемелеріне қатысты мәселелердің барлық кешенін реттеуге негізделген. Сондай-ақ, құжат жалпы өңір қауіпсіздігінің, тұрақтылығының және гүлденуінің кепілгері болуға арналған.
Осы негіз қалаушы құжат заманауи талаптарға сай келетін және жағалау маңындағы елдердің жан-жақты өзара іс-қимылын одан әрі қарқындатуға бағытталған Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимін құрады.