Нұр-Сұлтанда ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант М.Алтынбаевтың Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі генерал-полковник А.Фоминмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық қауіпсіздіктің көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасты, қорғаныс саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу барысын және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының өзге де мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ынтымақтастығы әскери білім мен мамандандырылған дайындықты қоса алғанда әртүрлі салалардағы стратегиялық серіктестік пен өзара іс-қимыл болып табылатынын айта кету қажет. Жыл сайын екіжақты және көпжақты негізде оқу-жаттығулар өткізіледі.