2019 жылғы 30 қыркүйек – 4 қазан аралығында Белокуриха қаласында (Алтай өлкесі, Ресей Федерациясы) Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының тоқсан сегізінші отырысы өтті.
Тараптар демаркацияның қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, сондай-ақ жетуі қиын учаскелерде мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты кешеніді мәселелер бойынша шешім қабылдады.
Келіссөздер Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарына сай дәстүрлі достық және конструктивті атмосферада өтті.
Комиссияның келесі отырысы 2019 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.