Бүгін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеудің шеңберінде Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары дипломатиялық миссия басшысы Ермек Көшербаевтің бас болуымен, сонымен қатар қазақ мәдениетінің Мәскеудегі қоғамдастығының өкілдері Ресей астанасындағы Чистые Прудыда ұлы қазақ ақыны һәм ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ұлы отандасымызға құрметін білдіре отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллердің және басқа әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде сөйлегенін атап өтті.
Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, әйгілі “Желсіз түнде жарық ай” әнін айтты.
Абай мерейтойына арнайы Елшілік Рунетте https://abai175.ru/ сайтымен таныстырды, онда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат топтастырылған.
Еске сала кетелік, ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланып, меркелік күндер күнтізбесіне енгізілді. Юлиандық күнтізбе бойынша бұл күн ақынның туған күні болып саналады.