РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин тиісті өкімге қол қойды.
Бұл құжатқа сәйкес, шетелдік (соның ішінде қазақстандық) спортшылар, жаттықтырушылар және дене шынықтыру саласының мамандары Ресейге келу мүмкіндігіне қайта ие болды.
2020 жылғы наурыздан бастап коронавирустың таралуы салдарынан шетелдік спортшылар Ресейге келе алмады. Мамыр айында ресейлік ұйымдармен еңбек шартын жасасқандар үшін шектеулер алынып тасталды.
Енді келу үшін төлқұжаттан басқа, Ресейдің Спорт министрлігі Ресей ФҚҚ-ға, Ресей ІІМ-ге және Росавиацияға жолдаған, Ресей аумағында өткізілетін жарыстарға қатысатындықты растайтын құжат, атап айтқанда – тізімге енгізу (Ресей Федерациясының шекарасынан өтетін бекет пен келу күні көрсетіліп) қажет.