2023 жылғы 27 қаңтарда Қазан федералдық университетінің (ҚФУ) жанында ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақовтың Татарстанда оқитын қазақстандық студенттермен кездесуі өтті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат өмірдің барлық салаларында, атап айтқанда білім беру және жастар саясаты саласында елді жаңғыртуға бағытталған реформаларға ерекше назар аударды, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттарға алдағы кезектен тыс сайлауға дайындық барысы туралы айтты. Сонымен қатар, студенттер Бас консулдықтың қызметімен, Татарстандағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясымен және ағымдағы жылы өткізілетін іс-шаралармен танысты.
Кездесу диалог форматында өтті. Кездесуге сыртқы байланыстар жөніндегі Проректоры Тимерхан Алишев қатысты, ҚФУ Елабугадағы студенттері мен қазақ диаспорасының өкілдері онлайн қосылды.