Бүгін Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Орталық Азия елдері дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен өткізген кездесуіне қатысты.
Кездесу шеңберінде бірқатар ортақ өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Аймақтағы тұрақтылық, қауіпсіздік және дамуды қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің практикалық өзара іс-қимылының бағыттары қарастырылды.
Осындай форматтағы кездесулерді тұрақты негізде жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.