Барнауылдағы Алтай ядролық медицина орталығы қазақстандықтарға қызмет көрсетпек.
“Қазір медицина қызметінің экспорты тақырыбы өзекті, ал біздің өңір – Қазақстанмен шекаралас. Біз жылына бірнеше жүз науқас ол жақтан келіп, осындай қызмет ала алатынына сенімдіміз”, – деп мәлім етті Алтай өңірінің губернаторы Виктор Томенко Ресейлік инвестициялық форум барысында.
Оның айтуынша, орталықты 2019 жылдың мамыр-маусым айларында пайдалануға беру жоспарлануда.