Өмірінде алғаш рет дауыс берген жастарға Елшілік естелі стикерлер сыйлайды.
Оларды алу үшін Ешліктің Facebook, Instagram, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жазылу қажет. Одан соң Елшіліктің кез келген әлеуметтік желісіндегі директке стикерді сұрап, хат жазу қажет.
Бірінші стикердің иесі Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ түлегі, қарағандылық Ярослав Степанов болды.
“Елім үшін мақтаныш сеземін. Келіп дауыс берген қандай керемет. Демалыс күні ертерек оянып, ең алдымен осында өз кандидатым үшін дауыс беруге келдім”, – деді ол.