Бурабай курорты ресейлік туристердің пікірі бойынша ТМД елдері арасындағы ең танымал курорттардың бірі, деп ТурСтат сараптамалық агентігі хабарлайды.
Агенттік биылғы жазда Ресей туристері демалатын ТМД елдеріндегі танымал курорттардың рейтингін жасады.
Оның ішінде Қазақстандағы Бурабай, Қырғызстандағы Ыстықкөл, Беларусьтағы Нарочь көлі, Каспий теңгізі жағалауындағы Апшерон жағажайы және Армениядағы Севан көлі туристер демалатын курортты орындардың алғашқы бестігіне енді.
Рейтинг аталмыш курорттарға туристердің баруы бойынша талдау қорытындысы нәтижесінде шығарылды.
ТурСтат агенттігінің дерегі бойынша, ТМД елдері курорттарына ресейлік туристер жазғы маусым кезінде 7 және 14 күн аралығында демалады. ТМД елдеріндегі курорттарда демалу туристер үшін тәулігіне 3000-7000 рублдың құрайды.