Біз сұрауларды қарастыратын қызметкерлердің жұмысын күшейттік және де күні/түні оларды қарастырып жатырмыз. Оған қарамастан барлық сұрауларға жауап беру өте қиын.
Туындаған жағдай кезінде біз біз билеттерді АЙППҰЛСЫЗ кейінгі уақытқа ауыстыруға кеңес береміз. Бұл ретте тек тарифтер айырмашылығын төлеу қажет болатындығын ескертеміз.
Маңызды! Қайта брондау ұшып шығу күніне дейін жүзеге асырыла алады.
Егер сіз билетті біздің сайттан алған болсаңыз, онда flyarystan.com сайтының бачты бетінже орналасқан “Брондауды басқару” бөлімшесіне өтіп, өз күшіңізбен қайта брондауға кеңеч береміз. Егер агенттіктен алған болсаңыз, онда билетті сатып алғвн жерге хабарласуыңызды сұраймыз.
Егер болып жатқан оқиғаларға байланысты ұшып шығу мүмкіндігі болмай жатса, онда билет құнын ваучерге қайтаруға болатына назар саламыз.
Ваучер дегеніміз – билет құнының толық сомасы сақталған жеке электронды құжат. Сіз онымее 12 ай ішінде сайттан қалағаныңызды ала аласыз.
Қайтару туралы сұрауды refund@flyarystan.com электронды поштасына жіберіңіз.
Маңызды! Егер сұрау ұшуға кем дегенде 2 сағат қалғанда келсе, онда ол міндетті түрде қарастырылады. Ұшып шығу уақыты өтіп кеткен болса да.
Өз тарапымыздан жолаушылар өздері қайтаруды рәсімдей алатын қызметті іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатқанымызды мәлімдейміз.
Әуекомпания, сәуірдің 15-нен кейін ұшуды жоспарлаған жолаушыларына, кейінрек хабарласуды өтінеді. Қазіргі таңда біз үшін ұшу күні жақындаған жолаушыларға көмек бергеніміз аса маңызды.
Біз әрбір жолаушымен хабарласатынымызға ешбір күмәнданбаңыз. Түсіністік білдіргендеріңізге рақмет.