Мәскеуде Қазақстанда шығарылған өнімдердің жәрмеңкесі өтті. Тұтынушыларға 30 кәсіпорынның тауарлары ұсынылды. Сөреге азық-түліктен өзге қазақ қолөнер шеберлерінің зергерлік бұйымдары да қойылды.
Киіз үй түрінде құрылған атшаптырым павильонда сүт пен ұннан бастап жеміс пен тәттілердің неше түрі, жалпы 30 кәсіпорынның өнімдері қойылған. Нұр-Сұлтан қаласының қолөнершілері зергерлік бұйымдарын әкеліпті. Сөрелерде тұрған дүниелер түгелдей Қазақстанда шығарылған.
Бұл қазақстандық бал, Төле-би ауданы Түркістан облысы Тастасу ауылы. Ара өсіретін шаруашылығымыз бар, тоғыз отбасы омарташылықпен айналысады. Мұнда бір жарым тоннадай бал әкелдік. Бізде Қостанай облысынан аламаның әр түрі бар, ал Жамбыл облысынан қарбыз пен қауын әкелдік.
Жәрмеңке халық тығыз қоныстанған ауданда өтіп жатыр. Мәскеу тұрғындары қазақстандық сүт өнімдерін білмейтінін мойындаса да, оның дәмін татқысы келеді.
Мен дәмін көргім келеді, өзім болмасам да бұл өлкені қатты құрметтеймін. Өте дәмді болады деп ойлаймын.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Мәскеу өңірінде «Қазақстанда жасалған» өнімдерді жұртқа кеңінен таныстырып, танымал брендке айналдыру. Ал Мәскеу қаласының өз басы мен облыс аумағы 30 миллион адам тұратын Ресейдегі ең ірі нарық.
Нұржан Қажыақбаров, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі:
– Бірнеше облыстардан өнімдер келді. Олардың қатарында оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан Қостанай, Павлодар облыстары бар. Астанамыз Нұр-Сұлтаннан да тауар келіп Мәскеудің тұтынуышалырна ұсынылып жатыр.
Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі 13 қазанға дейін жалғасады.